Пайдалануға ендіру
- Желі қуатына назар аударыңыз! Ток көзінің қуаты электр құралының зауыттық тақтайшасындағы мәліметтерге сай болуы қажет. 230 В белгісімен белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс істеуге болады.
Айналу жиілігін алдын ала таңдауға арналған айналмалы реттегіш (2) арқылы қажетті айналу жиілігін жұмыс барысында да реттеуге болады. Жоғары көрсеткіштер жоғары айналу жиілігін, ал төмен көрсеткіштер төмен айналу жиілігін білдіреді.
Тұрақты электроника бос жүрісте және жүктеме кезінде айналу жиілігін тұрақты дерлік деңгейде сақтайды және жұмыстың біркелкі өнімділігін қамтамасыз етеді.
Электрондық бір қалыпты іске қосу айналымдар санын шектеп қозғалтқыш мерзімін ұзартады.