Бағыттауыш ұзындығын реттеу (C суретін қараңыз)

Шаңның таза сорылуы және тереңдік шектегішінің тиісінше реттелуі үшін, бағыттауышты (2), алдыңғы жақтағы бұрғы ұштығы шаң саңылауымен (8) беттелетіндей реттеу қажет.
- Қажетті бұрғыны бұрғылау патронының құрал бекіткішіне енгізіңіз.
- (3) түймесін, бағыттауышты (2) бұрғы ұзындығына сәйкес реттей отырып басыңыз.
- (3) түймесін қайтадан жіберіңіз.
Нұсқау: сорғыш құрылғыны сақтау үшін (3) түймесін басып, бағыттауышты (2) тірелгенше сыртқа тартыңыз. Бұл ретте бағыттауыш серіппесі босатылып, серіппенің қызмет ету мерзімі ұзарады.