Құралды ауыстыру (A суретін қараңыз)
- Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін тудырады.
Ажыратқыш (10) басылмаған кезде бұрғылау шпинделі бекітіледі. Бұл бұрғы патронында алмалы-салмалы аспапты жылдам, оңай және жай алмастыруға мүмкіндік береді.
Жылдам тартылатын бұрғылау патронын (2) айналу бағытында ➊ бұрау арқылы аспап орнатылғаныша ашыңыз. Аспапты орнатыңыз.
Жылдам тартылатын бұрғылау патронының (2) төлкесін айналу бағытымен ➋ қолмен мықтап бекітіңіз. Бұрғылау патроны автоматты түрде бекітіледі.