Белгілер

Төмендегі белгілер электр құралды пайдалануда маңызды болуы мүмкін. Белгілер менен олардың мағыналарын жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну сізге электр құралын дұрыс әрі сенімді пайдалануға көмектеседі.

Белгілер мен олардың мағынасы

Электр құралы айналып тұрғанда, кесу аймағына қол сұқпаңыз. Кескіш дискімен жанасудан жарақат алу қаупі туындайды.

Қорғаныш көзілдірікті киіңіз.

Құлақ қорғанысын тағыңыз. Шуыл әсерінен есту қабілетіңіз зақымдалуы мүмкін.

Шаңнан қорғайтын масканы киіңіз.

Қорғаныш қолғап киіңіз. Кескіш дискілердің шеттері өткір және дискілер жұмыс кезінде қатты қызады.