Кескіш дискіні алмастыру ( B1 − B2 суреттерін қараңыз)

Тек осы пайдалану бойынша нұсқаулықта берілген деректерге сәйкес келетін және EN 12413 стандарты бойынша тексерілген және тиісінше белгіленген кескіш дискілерді пайдаланыңыз.

Кескіш дискімен бірге жинақта болуы мүмкін төсемдерді пайдаланыңыз.

Пайдаланылмайтын кескіш дискілерді жабық контейнерге немесе түпнұсқа орауышқа салып қойыңыз. Кескіш дискілерді жатқызылған күйде сақтаңыз.

Кескіш дискіні алып тастау

  • Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз қараңыз Электр құралын сақтандырғышынан босату (жұмыс күйі).
  • Маятниктік қорғаныш қаптаманы (3) тірелгенше артқа қайырып, оны осы күйде бір қолмен ұстаңыз.
  • Фланеці бар алты қырлы дөңбек бұранданы (20) жеткізілім жиынтығындағы алты қырлы дөңбек кілтпен (14) бұрап, дәл сол уақытта шпиндель бекіткішін (4) тірелгенше басыңыз.
  • Шпиндель бекіткішін басып тұрып, фланеці бар алты қырлы дөңбек бұранданы (20) сағат тілінің бағытына қарсы бұрап шығарыңыз.
  • Қысқыш фланецті (19) алып тастаңыз.
  • Кескіш дискіні (5) алып тастаңыз.

Кескіш дискіні орнату

Қажет болса, монтаждалатын барлық бөлшектерді орнатпас бұрын тазалап шығыңыз.

  • Жаңа кескіш дискіні, жапсырма манипулятордан ары қарап тұратындай, аспап шпинделіне (18) салыңыз.
  • Қысқыш фланецті (19) және фланеці бар алты қырлы дөңбек бұранданы (20) орнатыңыз. Шпиндель бекіткішін (4) тірелгенше басып, фланеці бар алты қырлы дөңбек бұранданы жеткізілім жиынтығындағы алты қырлы дөңбек кілтпен (14) сағат тілінің бағытымен қайтадан бұрап бекітіңіз. (Тарту моменті шам. 20–25 Нм)
  • Маятниктік қорғаныш қаптаманы (3), кескіш диск толық жабылғанша, баяу төмен қарай толықтай жылжытыңыз.
  • Маятниктік қорғаныш қаптаманың (3) дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіңіз.
    Маятниктік қорғаныш қаптама әрдайым еркін қозғалуы және өз бетінше жабылуы керек.

Кескіш дискіні монтаждағаннан кейін және қосу алдында монтаждың дұрыстығын және дискінің еркін айналатынын тексеріп шығыңыз.

  • Кескіш диск маятниктік қорғаныш қаптамаға (3), бекітілген қорғаныш қаптамаға (16) немесе басқа бөлшектерге тимегеніне көз жеткізіңіз.
  • Электр құралын шамамен 30 секундқа іске қосыңыз.
    Егер қатты діріл пайда болса, электр құралын бірден өшіріп, кескіш дискіні бөлшектеңіз де, қайта орнатыңыз.