Қолданысқа енгізу
- Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет.
- Пайдаланудан бұрын кескіш дискіні тексеріп шығыңыз. Кескіш диск ақаусыз орнатылуы және еш кедергісіз айналуы қажет. Сынақ жұмысын 30 секунд ішінде жүктемесіз орындаңыз. Зақымдалған, домалақ емес немесе дірілдейтін кескіш дискілерді пайдаланбаңыз. Зақымдалған кескіш дискілер жарылып, жарақаттануға әкелуі мүмкін.
Қорғасын бояу, минералдар және металдар сияқты кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Шаңның тиюі немесе жұтылуы пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Белгілі бір металл шаңы, әсіресе мырыш, алюминий немесе хром сияқты қорытпалармен бір тіркесте қауіпті болып табылады. Асбест қамтитын материалды тек қана техник мамандар өңдеуі керек.
- Жұмыс орнының жақсы желдетілгеніне көз жеткізіңіз.
- P2 сүзгі класындағы респираторды пайдалануға кеңес беріледі.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын нұсқамаларды орындаңыз.
Кескіш диск шаң, жоңқа немесе дайындама сынықтарының салдарынан тірек тақтасының (11) ойығында бұғатталуы мүмкін.
- Электр құралын өшіріп, желілік ашаны розеткадан суырып алыңыз.
- Кескіш диск толық тоқтағанша күте тұрыңыз.
- Кіші дайындамалар арнайы саңылауға түсуі үшін электр құралын артқа төңкеріңіз.
Барлық дайындамаларды алып тастау үшін тиісті аспапты пайдаланыңыз.
- Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Оператордың күйі (F суретін қараңыз)
- Электр құралының алдында кескіш дискімен бір сызықта тұрмай, әрдайым кескіш дискіден шетте тұрыңыз.Осылайша кескіш диск сынған жағдайда денеңіз ықтимал сынықтардан қорғалып тұрады.
Қосу мен өшіру
- Іске қосу үшін ажыратқышты (1) басып тұрыңыз.
- Өшіру үшін ажыратқышты (1) жіберіңіз.