Іске қосу

Электр құралының жұмыс режимін таңдау үшін соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (12) пайдаланыңыз.

  • Жұмыс режимін ауыстыру үшін босату түймесін (11) басып, соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (12) қажетті күйге шерту дыбысымен тірелгенше бұраңыз.

Нұсқау: жұмыс режимін электр құралы өшірулі тұрғанда ғана өзгертіңіз! Әйтпесе электр құралына зақым келуі мүмкін.

Бетон немесе тас бойынша соққымен бұрғылау күйі

Ағаш, металл, керамика және пластмасса бойынша соққысыз бұрғылау және бұрау күйі

Айналу бағытын ауыстырып-қосқыштың (7) көмегімен электр құралының айналу бағытын өзгертуге болады. Алайда ажыратқыш (9) басылғанда осы әрекетті орындау мүмкін емес.

  • Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (7) электр құралы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.

Соққымен бұрғылау және бұрғылау үшін айналу бағытын әрдайым оңға қарай орнатыңыз.

  • Оңға айналу: бұрғылау және бұрандаларды бұрап кіргізу үшін айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (7) солға қарай тірелгенше итеріңіз.
  • Солға айналу: бұрандалар мен гайкаларды босату немесе бұрап шығару үшін айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (7) оңға қарай тірелгенше итеріңіз.

Нұсқау: егер айналу бағытын ауыстырып-қосқыш ортаңғы күйде тұрса, ажыратқыш бұғатталады.

  • Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (9) басыңыз.

Жұмыс шамы (13) ажыратқыш (9) кішкене немесе толық басылғанда жанады және жеткіліксіз болған жарық жағдайында жұмыс аймағын жарықтандырады.

  • Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (9) жіберіңіз.

Төмен температураларда электр құралы белгілі бір уақыт өткеннен кейін толық бұрғылау/соққы қуатына жетеді.

Ажыратқышты (9) басу күшін өзгерте отырып, қосылған электр құралының айналу жиілігін/соққы санын біртіндеп реттеуге болады.

Ажыратқышты (9) сәл басу төмен айналу жиілігін/соққы санын қосады. Қысым күшейсе, айналу жиілігі/соққы саны ұлғаяды.