Пайдалануға ендіру
Қосу/өшіру
Электр құралын іске қосу үшін алдымен іске қосу құлпын (5) оңға немесе солға қарай итеріңіз. Содан кейін ажыратқышты (6) басып, ұстап тұрыңыз.
Жұмыс шамы косқыш/өшіргішті (6) жай немесе толық басылғанда жеткіліксіз болған жарық жағдайында жұмыс аймағын жарықтандырады.
Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (6) жіберіңіз.
Жүріс санын басқару
Қосқышты/өшіргішті (6) басу күшін өзгерте отырып, қосылған құралдың жүріс санын біртіндеп реттеуге болады.
Қосқышты/өшіргішті (6) жай басқанда төменірек жүріс санымен жұмыс істейді. Басу күші асқанда жүріс саны асады.
Қажетті жүріс саны материал мен жұмыс шарттарына байланысты болып табылады және оны тәжірибе арқылы анықтауға болады.
Жүріс санын мына жағдайларда төмендетуге кеңес беріледі:
- ара төсемін дәлірек орналастыру үшін ара төсемін дайындамаға қойған кезде,
- материалдың балқуын болдырмау үшін пластик пен алюминийді аралау кезінде.
Аз жүрістер санында ұзақ уақыт электр құралды пайдалану оның қатты қызуын тудыруы мүмкін. Ара полотносын алып электр құралын салқындату үшін шам. 3 минут максималдық жүріс санында істетіңіз.