Ара төсемін салу/алмастыру (керек-жарақ)

Ұсынылатын ара төсемдеріне шолу осы пайдалану нұсқаулығының соңында берілген. Тек қана 1/2 дюймдік әмбебап білігі бар ара төсемдерін орнатыңыз. Ара төсемі қажетті кесіктен ұзын болмауы керек.

Бекіткіш төлкені (3) шамамен 90°-қа көрсеткі бағытымен бұраңыз және оны нық ұстап тұрыңыз. Ара дискісін (1) ара дискісінің бекіткішіне (12) салыңыз. Бекіткіш төлкені қайтадан жіберіңіз.

  • Ара төсемін тарту арқылы оның берік бекітілгенін тексеріп шығыңыз. Босап қалған ара төсемі құлап, сізге жарақат тигізуі мүмкін.

Белгілі бір жұмыстарда ара төсемін (1), сондай-ақ 180°-қа бұрап (тістерін жоғары қаратып), қайта орнатуға болады.

  • Ара төсемін шығарудан бұрын суытыңыз. Ара төсеміне тиюден жарақат алу қаупі бар.

Бекіткіш төлкені (3) шамамен 90°-қа көрсеткі бағытымен бұраңыз және оны нық ұстап тұрыңыз. Ара дискісін (1) алып тастаңыз.