Шамдарға арналған қауіпсіздік техникасының нұсқаулары

Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.
- Аккумулятормен немесе электр құралмен бірге берілетін бүкіл ескертулерді және нұсқаулықтарды оқып шығыңыз және орындаңыз.
- Шамды ұқыпты пайдаланыңыз. Шам өрт және жарылыс қаупін арттыратын қатты жылу шығарады.
- Шаммен жарылыс қаупі бар ортада жұмыс істемеңіз.
- Шам автоматты түрде өшкеннен кейін, ажыратқышты қайтадан баспаңыз. Аккумулятор зақымдалуы мүмкін. Шамды қайта қоспас бұрын аккумулятордың зарядталғанына және шамның суығанына көз жеткізіңіз.
- Шамдағы жарық көзін тек өндірушіге немесе білікті маманға алмастыруға рұқсат етіледі.

Шамның және барлық жанып тұрған беттер мен заттар арасындағы минималды аралықты сақтаңыз. Аралық жеткіліксіз болса, жанып тұрған заттар қызып кетуі мүмкін.
- Шамды пайдалану кезінде шамның жарық бастиегін жаппаңыз. Пайдалану кезінде шамның жарық бастиегі қызып кетеді және ол әбден қызса, күйіп қалуға әкелуі мүмкін.
- Тасымалдау және сақтау кезінде аккумуляторды шамнан шығарып алыңыз немесе желілік ашаны суырып алыңыз. Шам қызып кетуі мүмкін.
- Шамды ылғалды ортада желіден пайдаланған кезде автоматты сақтандырғыш ажыратқышты пайдаланыңыз. Автоматты сақтандырғыш ажыратқышты пайдалану ток соғу қаупін азайтады.
- Биік жерде жұмыс істеген жағдайда шамды құлаудан қорғайтын құралдармен жеткілікті бекітіңіз. Осылайша шам кенет құлаған жағдайда, мүлікке залал келтірудің және адамдарға жарақат тигізудің алдын алуға болады.
- Аккумуляторлық шамды электр сымдарына немесе басқа тұрақсыз заттарға бекітпеңіз. Өрт және жарақат алу қаупі бар.
- Шам ілгектер арқылы бекітілген болса, онда оған қосымша жүк түсірмеңіз және оның берік бекітілгенін тексеріңіз. Ілгектер аккумуляторы салынған шамды тасымалдауға ғана арналған. Қосымша жүк түсіру салдарынан шам сынуы немесе құлауы мүмкін.
- Аккумуляторлық шам магнит немесе ілгек арқылы бекітілген болса, не аккумуляторлық шамды, не оны бекітіп тұрған затты жылжытпаңыз. Аккумуляторлық шам құлауы мүмкін.
- Шамды орындық немесе саты ретінде пайдаланбаңыз. Шамды зақымдап алуыңыз мүмкін.
- Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
- Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
- Аккумулятор дұрыс пайдаланылмаған немесе зақымдалған жағдайда, аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ теріге тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық көзге тисе, медициналық көмек алыңыз. Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе күйдіруі мүмкін.
- Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін.
- Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден, шегелерден, винттерден және басқа ұсақ темір заттардан сақтаңыз. Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін.
- Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі бар.
Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды. |
- Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз. Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін пайдалану өрт қаупін тудырады.
- Аккумуляторды тек өндіруші өнімдері үшін пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.