Шаңды/жоңқаны сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі мүмкін.
- Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін шаңсорғышты пайдаланыңыз.
- Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
- P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
- Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Шаңсорғышқа арналған адаптерді (11) алдыңғы жақтан электр құралына салыңыз. Ол шерту дыбысымен тіреледі. Адаптерді (11) алып тастау үшін бүйірінен ұстап, алға қарай тартыңыз.
Сорғыш шлангіні (Ø 35 мм) (31) (керек-жарақ) немесе сору адаптерін (29) (керек-жарақ) енгізіңіз. Сорғыш шлангіні (31) шаңсорғышқа (керек-жарақ) жалғаңыз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес келуі қажет.
Денсаулыққа зиянды, обыр туғызатын немесе құрғақ шаң үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.