Аккумулятор зарядталып жатқан жоқ

Аккумулятор зарядталмайды және қызыл түсті температураны бақылау/қате индикаторы (2) қызыл түспен жыпылықтап тұр.

Себебі: зарядтағыш құрылғыда ішкі қате анықталды

Шешімі: барлық аккумуляторлар толықтай салынғанына көз жеткізіңіз. Желілік ашаны суырып, қайтадан салыңыз. Ақау қайтадан орын алса, зарядтағыш құрылғыны Bosch электр құралдарына арналған өкілетті қызмет көрсету орталығында тексертіңіз.

 

Себебі: аккумулятор тиісінше салынбаған

Шешімі: аккумуляторды зарядтау құрылғысына тиісінше салыңыз.

 

Себебі: аккумулятор мен зарядтағыш контактілер ластанған

Шешімі: зарядтағыш штекерді суырып алыңыз да, аккумулятор мен зарядтағыш контактілерді тазалаңыз (құрғақ).

 

Себебі: аккумулятор ақаулы

Шешімі: аккумуляторды ауыстрыңыз.

Аккумулятор зарядталмайды және индикаторы (2) үздіксіз жанып тұр.

 

Себебі: аккумулятор температурасы рұқсат етілген зарядтау температураларының диапазонынан тыс

Шешімі: аккумулятор температурасы 45°C шамасынан жоғары болғанда, аккумуляторды суыту (Active Air Cooling) жүйесі аккумуляторды суытуға көмектеседі. Аккумулятор температурасы 0°C шамасынан төмен болғанда, ол рұқсат етілген зарядтау температураларының диапазонына (0–45°C) қайтып оралғанша күтіңіз.