Аккумуляторды суыту (Active Air Cooling)

Зарядтағыш құрылғы салынған аккумулятордың температурасын бақылайды. Қажет болса, аккумуляторды суыту үшін желдеткіш қосылады.

Аккумуляторды суыту 3 қадамда орындалады:

Алдын ала суыту

Салынған аккумулятордың температурасы, зарядтау процесі басталмай тұрып 45°C шамасынан жоғары болса, желдеткіш аккумуляторды 45°C шамасынан төмен температураға дейін суыту және зарядтау процесін жылдамырақ бастау үшін қосылады. Сонан соң зарядтау процесі басталады.

Зарядтау процесінде суыту

Желдеткіш аккумуляторды зарядтау процесінің барысында суытып тұрады.

Кейінгі суыту

Қажет болса, желдеткіш зарядтау процесінен кейін де жұмыс істей береді. Егер зарядтау процесінен кейін аккумуляторды суыту қажет болмаса, желдеткіш өшіп қалады.