Пайдалану түрлері
- Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тербелісті реттеу
Төрт басқышта реттелетін тербелу аралау жылдамдығын, аралау өнімділігін және аралау суретін өңделетін материалға лайықтауға мүмкіндік береді.
Реттеу тұтқышымен (8) тербелуді пайдалану кезінде де реттеуге болады.
0 деңгейі | тербеліс жоқ |
I деңгей | кіші тербеліс |
II деңгей | орташа тербеліс |
III деңгей | үлкен тербеліс |
Әр жұмыс үшін оңтайлы тербеліс деңгейін тәжірибе әдісімен анықтауға болады. Төмендегі ұсыныстарды ескеріңіз:
- Кесік жиек қаншалықты жұқа әрі таза болуы қажет болса, тербеліс деңгейін соншалықты төмен таңдаңыз немесе тербелісті толығымен өшіріңіз.
- Жұқа заттектерді (мысалы, металды) өңдегенде тербелісті өшіріңіз.
- Қатты заттектерді өңдегенде (мысалы, болат) кіші тербелісті реттеңіз.
- Жұмсақ материалдарда және ағашты аралаған кезде максималды тербеліспен жұмыс істеуге болады.
Еңіс бұрышын реттеу (E суретін қараңыз)
Тіреуіш тақта (7) тек 45° дейін еңіс бұрыштары үшін оңға қырылуы мүмкін.
Жарылудан сақтайтын пластина (17) қисық аралауда орнатылуы мүмкін емес.
- Қаптаманы (12), жарылудан сақтайтын пластинаны (17) және жылжыманы (14) алып тастаңыз.
- Бұранданы (18) босатып, тіреу тақтасын (7) ара дискісіне (10) қарай азғантай жылжытыңыз.
- Дәл еңіс бұрышын реттеу үшін тірек тақтасының оң және сол жағында 0° мен 45° бұрыштарда тірелу нүктелері бар. Тірек тақтасын (7) шкалаға (19) сәйкес қажетті күйге қайырыңыз. Басқа еңіс бұрыштарын бұрыш өлшегіші арқылы реттеуге болады.
- Содан кейін тірек тақтасын (7) желілік кабельге қарай тірелгенше жылжытыңыз.
- Бұранданы (18) қайтадан бұрап бекітіңіз.