Желі режимі
- Шамды зақымдалған кабельмен пайдаланбаңыз. Зақымдалған кабельді IEC стандартындағы жарамды кабельмен алмастырыңыз. Bosch арнайы кабельді ұсынады.
- IEC стандартындағы кабель жалғанған болса, шамды қуатпен жабдықтау процесі аккумулятордың салынған-салынбағанына қарамастан электр желісі арқылы жүзеге асырылады.
Ток жалғағышының (4) қақпағын ашыңыз. IEC стандартындағы кабельдің ашасын ток жалғағышының (4) ұясына салыңыз. IEC стандартындағы кабельді электр желісіне жалғаңыз. Енді шамды пайдалануға болады.
Ластанудан қорғау үшін ток жалғағышының (4) қақпағын, IEC стандартындағы кабельді шығарғанда, қайтадан жауып қойыңыз.