Майлағыш шприцтерге арналған қауіпсіздік техникасының нұсқаулары
- Майлағыш шприцті пайдалану кезінде қорғаныш қолғап, қорғаныш көзілдірік, көз қорғанысын және тайғанамайтын аяқ киімін киіп жүріңіз.
- Қолыңызды серіппелі қарнақтан алшақ ұстаңыз. Майлағыш шприцті пайдалану кезінде қолыңыз қысылып қалуы мүмкін.
- Майлағыш шприцті күн жарығының астында қалдырмаңыз. Майлар мен майлағыш заттар тұтануы мүмкін.
- Майлар мен майлағыштарды ашық жалын жанында немесе жылыту кезінде сақтамаңыз және пайдаланбаңыз. Майлар мен майлағыштар тұтануы мүмкін.
- Шлангінің 13–16 Нм тарту моментіне дейін бұрап орнатылғанына көз жеткізіңіз. Әйтпесе шланг майлағыш шприцпен жұмыс істеген кезде босап қалуы мүмкін.
- Толтырғыш клапан толтырғыш келте құбырмен үйлесімді болуы және кемінде 690 бар шамасындағы қысымға қолдау көрсетуі керек. Осылайша майлағыш шприц пен төмен қысымды сорғының зақымдалуына жол бермейсіз.
- Тек техникалық мәліметтерде келтірілген NLGI кластарына сәйкес келетін майларды пайдаланыңыз. Май өндірушісінің нұсқауларын да ескеріңіз. Сұйық майлар сияқты басқа рұқсат етілмеген материалдар майлағыш шприцтен шығып кетуі және көзіңізге жарақат тигізуі немесе майлағыш шприцтің бұзылуына әкелуі мүмкін.
- Пайдалану алдында май өндірушісінің нұсқауларын оқып шығыңыз және ескеріңіз.
- Майлағыш шприцте кез келген жұмыстарды орындамас бұрын (мысалы, картриджді ауыстыру) аккумуляторды электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі туындайды
- Биік жерде пайдаланған жағдайда майлағыш шприцті құлаудан қорғайтын құралдармен жеткілікті бекітіңіз. Осылайша майлағыш шприц құлаған жағдайда, мүлікке залал келтірудің және адамдарға жарақат тигізудің алдын алуға болады. Иық белдігін құлаудан қорғайтын құрал ретінде пайдалануға болмайды.
- Әр пайдалану алдында майлағыш шприц пен шлангіні тексеріңіз. Майлағыш шприцте немесе шлангіде зақымдар немесе тозған жерлер анықталған жағдайда, майлағыш шприцті пайдаланбаңыз. Шлангіні бұғаттауға немесе майыстыруға тыйым салынады. Шланг қатты қысым салдарынан жарылуы және одан шыққан май жарақат тигізуі мүмкін.
- Иілгіш шлангіні күшпен қысуға немесе майыстыруға болмайды. Шланг бұзылуы немесе деформацияға ұшырауы мүмкін.
- Майлағыш шприцті шлангіден немесе серіппелі қарнақтың кері тартқышынан ұстап тасымаңыз.
- Майлағыш шприцті пайдалану барысында шлангіні өзіңізге немесе айналаңыздағы адамдарға бағыттамаңыз. Шығып кеткен май жарақат тигізуі мүмкін.
- Майлағыш шприцті таза ұстаңыз және жабысып қалған майды сүртіп жүріңіз. Осылайша сырғанап түсудің және оның салдарынан жарақат алудың алдын алуға болады.
- Тек түпнұсқалық Bosch керек-жарақтарды пайдаланыңыз.
- Жұмыс орнын таза, құрғақ, жақсы жарықтандырылған және жеткілікті ауа алмасуы бар күйде ұстаңыз.
- Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
- Аккумуляторды өзгертпеңіз және ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар.
- Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін.
- Аккумуляторды тек өндіруші өнімдері үшін пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды. |