Электр құралын маймен толтыру
- Май цилиндрін (12) сағат тілінің бағытына қарсы электр құралынан бұрап алыңыз.
- Жиырғыштағы (16) серіппелі сырықты (23) толығымен сыртқа тартыңыз және бөгеткіш сақинаға арналған қырнаққа (24) бекітіңіз.
- Тартылмалы картриджден қалпақшаны алыңыз және картриджді ашық жағын май цилиндріне (12) төмен қарай салыңыз.
- Картридждің тарту түймелігін тек енді үзіңіз.
- Май цилиндрін (12) сағат тілінің бағытымен электр құралына бұрап кіргізіңіз.
- Серіппелі сырықты (23) бөгеткіш сақинаға арналған қырнақтан (24) босатып, серіппелі сырықты май цилиндріне (12) тірелгенше баяу қарқынмен итеріңіз.
Немесе
Серіппелі сырықты (23) бөгеткіш сақинаға арналған қырнақтан (24) босатып, серіппелі сырықты майға арналған ысырмамен (25) 90° шамасына бұрап бекітіңіз. Нәтижесінде серіпппелі сырық маймен ағады және қалдық мөлшерді серіппелі сырықтың шкаласы бойынша өлшеуге болады (D3 суретін қараңыз).
- Жүйеден ауаны шығарыңыз қараңыз Ауаны шығару (I суретін қараңыз).
- Май цилиндрін (12) сағат тілінің бағытына қарсы электр құралынан бұрап алыңыз.
- Ұстағыш серіппелерді (26) қысып, ауыстырғышты (27) корпустан тартып шығарыңыз.
- Адаптерді (28) электр құралына бұрап кіргізіп, оны гайка кілтімен (кілт өлшемі 30 мм) мықтап тартыңыз.
- Reiner типті картриджді адаптерге (28) бұрап кіргізіңіз.
- Жүйеден ауаны шығарыңыз қараңыз Ауаны шығару (I суретін қараңыз).
- Май цилиндрін (12) сағат тілінің бағытына қарсы электр құралынан бұрап алыңыз.
- Қажет болса, ауыстырғышты (27) корпусқа қайта орнатыңыз.
- Адаптерді (29) электр құралына бұрап кіргізіп, оны гайка кілтімен (кілт өлшемі 41 мм) мықтап тартыңыз.
- Lube Shuttle типті картриджді адаптерге (29) бұрап кіргізіңіз.
- Жүйеден ауаны шығарыңыз қараңыз Ауаны шығару (I суретін қараңыз).
- Май цилиндрін (12) сағат тілінің бағытына қарсы электр құралынан бұрап алыңыз.
- Май цилиндрін бөшке контейнердегі майға шамамен 5 см-ге батырыңыз.
- Жиырғыштағы (16) серіппелі сырықты (23) баяу қарқынмен толығымен сыртқа тартыңыз және бөгеткіш сақинаға арналған қырнаққа (24) бекітіңіз.
- Май цилиндрін (12) сағат тілінің бағытымен электр құралына бұрап кіргізіңіз.
- Серіппелі сырықты (23) бөгеткіш сақинаға арналған қырнақтан (24) босатып, серіппелі сырықты май цилиндріне (12) тірелгенше баяу қарқынмен итеріңіз.
Немесе
Серіппелі сырықты (23) бөгеткіш сақинаға арналған қырнақтан (24) босатып, серіппелі сырықты майға арналған ысырмамен (25) 90° шамасына бұрап бекітіңіз. Нәтижесінде серіпппелі сырық маймен ағады және қалдық мөлшерді серіппелі сырықтың шкаласы бойынша өлшеуге болады (D3 суретін қараңыз).
- Жүйеден ауаны шығарыңыз қараңыз Ауаны шығару (I суретін қараңыз).
Толтыру клапаны арқылы (1/8“-NPT бұранда) май цилиндрін (12) тікелей майға арналған бөшкеден төмен қысымды сорғы көмегімен тоотыруға болады.
- Тиекті бұранданы (30) стандартты алтықырлы дөңбек кілтпен алыңыз және толтыру клапанын (төмен қысымды сорғыға арналған құрамдас) бұрандаға бұрап кіргізіңіз.
- Төмен қысымды сорғыны толтыру клапанына бекітіп, май цилиндрін (12) толтырыңыз.
- Толтыру үшін май цилиндрін әрдайым төмен қысымды сорғыға бекітсеңіз, толтыру клапанын электр құралына бұрап кіргізілген күйінде қалдыруға болады.
Әйтпесе, электр құралынан толтыру клапанын бұрап алыңыз да, бұранданы тиекті бұрандамен (30) қайта жабыңыз.