Алмас тостаған тәрізді ажарлағыш дөңгелекті орнату/ауыстыру (B суретін қараңыз)
Осы нұсқаулықта аталған барлық алмас тостаған тәрізді ажарлағыш дөңгелекті пайдалануға болады.
Алмас тостаған тәрізді ажарлағыш дөңгелектің өлшемдеріне назар аударыңыз. Саңылау диаметрі тірек фланеціне сәйкес болуы керек. Алмас тостаған тәрізді ажарлағыш дөңгелектің саңылауын кеңейтуге болмайды. Адаптерлерді немесе жалғастырғыш тетіктерді пайдаланбаңыз.
Алмас тостаған тәрізді ажарлағыш дөңгелектің рұқсат етілген айналу жиілігі[мин-1] немесе шеңберлік жылдамдық [м/с] төменде берілген кестедегі мәндерден төмен болмауы керек.
Сондықтан алмас тостаған тәрізді ажарлағыш дөңгелек жапсырмасында көрсетілген рұқсат етілген айналу жиілігін немесе шеңберлік жылдамдықты сақтаңыз.
макс. [мм] | [мм] |
|
| |
|---|---|---|---|---|
D | d | [мин-1] | [м/с] | |
| 125 | 22,2 | 8500 | 80 |
Өңделетін материал үшін жарамды алмас тостаған тәрізді ажарлағыш дөңгелекті таңдаңыз. Алмас тостаған тәрізді ажарлағыш дөңгелек орауышындағы материал бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Ажарлау шпинделін (12) және барлық орнатылатын бөліктерді тазалаңыз.
Тірек фланецін (13) ажарлау шпинделіне (12) ортаға келтіргіш буылтық сыртта қалатындай күйде орнатыңыз.Тірек фланеці (13) ажарлау шпинделінің екі жиегінде (12) бекітілуі керек (бұраудан қорғау).
Тірек фланецінде (13), ортаға келтіру буылтығының айналасында пластие бөлшек (тығыздауыш сақина) орнатылған. Тығыздауыш сақина жоқ немесе зақымдалған болса, тірек фланецін (13) ары қарай пайдаланбай тұрып, міндетті түрде ауыстыру керек.
Алмас тостаған тәрізді ажарлағыш дөңгелекті (14) тірек фланеціне (13) орнатыңыз.
Ажарлау шпинделін бекіту үшін шпиндельді бұғаттау түймесін (9) басыңыз.
Қысқыш гайканы (15) бұраңыз да, екі саңылаулы кілтпен (16) тартыңыз.
Қысқыш гайканың белдемесі (15) суретте кқрсетілгендей сыртқа қаратылғанына көз жеткізіңіз.
- Алмас тостаған тәрізді ажарлағыш дөңгелекті орнатқаннан кейін оны қоспас бұрын, оның дұрыс орнатылғанын және еркін айнала алатынын тексеріңіз.Алмас тостаған тәрізді ажарлағыш дөңгелектің қорғаныс және сору қақпағына немесе басқа да бөлікке жанаспайтындығын тексеріңіз.
Электр құралын тасымалдау кезінде, дөңгелектің зақымдалуын болдырмау үшін алмас тостаған тәрізді ажарлағыш дөңгелекті (14) шешуіңіз керек.
- Алмас тостаған тәрізді ажарлағыш дөңгелек салқындағанша қол тигізуге болмайды. Алмас тостаған тәрізді ажарлағыш дөңгелек жұмыс кезінде қатты қызады.
Ажарлау шпинделін бекіту үшін шпиндельді бұғаттау түймесін (9) басыңыз.
- Шпиндельді бекіту түймесін тек шпиндель тоқтатылған күйде басыңыз. Әйтпесе электр құралын зақымдауыңыз мүмкін.
Қысқыш гайканы (15) екі саңылаулы кілттің (16) босатып, оны (15) бұрап шығарыңыз.Алмас тостаған тәрізді ажарлағыш дөңгелекті (14) алыңыз.


