Қолданысқа енгізу
Қосу/өшіру
Электр құралын іске қосу үшін ажыратқышты (1) алға жылжытыңыз.
Ажыратқышты (1) орнату үшін ажыратқышты (1) алдыңғы жағынан төмен қарай тірелгенше басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (1) жіберіңіз немесе ол бұғатталған болса, ажыратқышты (1) артқы жағынан кішкене төмен басып, сонан соң жіберіңіз.
- Пайдаланудан алдын ажарлау құралдарын қайта тексеріңіз. Ажарлау құралы берік орнатылып, еш кедергісіз айналуы қажет. 1 минут ішінде сынау жұмысын жүктемесіз орындаңыз. Ақауы бар, домалақ емес және дірілдейтін ажарлау құралдарын пайдаланбаңыз. Бұзылған ажарлау құралдары жарылып, зақымдарға алып келуі мүмкін.