Шаңды және жоңқаларды сору
Шаң мөлшерін азайту шараларын қолданбай жұмыс істемеңіз.
Жарамды сорғыш құрылғы немесе шаңжинағыш/шаңға арналған қап денсаулыққа зиянды шаң жүктемесін азайтады. Жұмыс орнының жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз. Әрдайым тыныс органдарына арналған жарамды қорғанысты пайдаланыңыз. Шаңжинағышты пайдаланған кезде оны дер кезінде босатыңыз және шаңның оңтайлы сорылуын қамтамасыз ету үшін сүзгіш элементті жүйелі түрде тазалап тұрыңыз.
Сорғышты пайдаланған кезде төмендегі талаптарды орындаңыз. Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын нұсқамаларды орындаңыз.
- Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Сорғышқа қойылатын талаптар | ||
|---|---|---|
Шлангінің ұсынылған номинал диаметрі | мм | 28 |
Қажетті төменгі қысымA) | мбар | ≥ 220 |
Қажетті ағын мөлшеріA) | л/с | ≥ 28 |
Сүзгінің ұсынылатын өткізу қабілеті | M шаң класыB) | |
- A)
Электр құралының сорғыш жалғағышындағы қуат мәні
- B)
IEC/EN 60335-2-69 стандарты бойынша
Сорғыш нұсқаулығын қараңыз. Сору қуаты төмендеген жағдайда, жұмысты тоқтатып, себебін жойыңыз.
Сыртқы сорғыш (J суретін қараңыз)
Сорғыш шлангын (16) сору құбырына (13) салыңыз.
Сорғыш шлангін (16) шаңсорғышқа қосыңыз. Осы нұсқаулықтар соңында түрлі шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Электр құралын тік аймақтарда жұмыс істеу кезінде сорғыш шланг төменге көрсететін етіп ұстаңыз.
Шаң жинағыш қаппен өзіндік сору (G–I суреттерін қараңыз)
Бүкіл шаң жинағыш қапты (2) құралмен толық жанасқанша үрлеп шығару келте құбырына (13) орнатып жылжытыңыз.
Шаң жинағыш қапты (14) босату үшін бүкіл шаң жинағыш қапты (2) үрлеп шығару келте құбырынан (13) тартып шығарыңыз. Адаптерді (15) шаң жинағыш қаптан (14) бұрап шығарыңыз
және шаң жинағыш қапты босатыңыз.
Нұсқау: шаңның оңтайлы сорылуын қамтамасыз ету үшін шаң жинағыш қапты (14) дер кезінде босатып тұрыңыз.
Тік жазықтықтарда жұмыс істегенде электр құралын шаң жинағыш қабы (2) төмен қарап тұратындай етіп ұстап тұрыңыз.