Пайдалануға ендіру

Қосу/өшіру

Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (1) басыңыз.

Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (1) қайтадан басыңыз.

Тербелу санын таңдау

Тербелу санын таңдайтын реттеуші арқылы (5) қажетті тербелу санын жұмыс істеу кезінде де реттеуге болады.

1–2

төмен тербелу саны

3–4

орташа тербелу саны

5–6

жоғары тербелу саны

Талап етілетін тербелулер санын материалмен жұмыс жасау жағдайына байланысты тәжірибе арқылы анықтауға болады.

Электроника бос жүрістегі және жүктеме кезіндегі тербелу санын тұрақты дерлік ұстайды және біркелкі өнімділікті қамтамасыз етеді.

Электр құралмен ұзақ жұмыс кіші ьербелу санында істегеннен кейін салқындату үшін 3 минутқа ең жоғары тербелу санына қосу керек.