Таймерді орнату

Екі түйме (3) арқылы стандартты ажарлау уақытын орнатуға болады. Осы уақыттан кейін электр құралы автоматты түрде өшіп қалады. Реттеулер мәзірін ашу үшін ⊕ түймесін кемінде 5 секунд басып тұрыңыз. ⊕ түймесін әрі қарай басып тұрып, дәл сол уақытта кемінде 5 секунд бойы ⊖ түймесін басыңыз. Алдын ала сақталған реттеу қызылкүрең түспен жыпылықтайтын жарық диодтарының саны арқылы көрсетіледі. Енді стандартты ажарлау уақытын төмендегі кестеде көрсетілгендей реттеуге болады. Реттеуді жадқа сақтау үшін ⊕ және ⊖ түймелерін, жарық диодтары жыпылықтай тоқтағанша кемінде 5 секунд басыңыз.

Жарық диодтары

Секунд

Жыпылықтайтын жарық 1 x қызылкүрең

2

Жыпылықтайтын жарық 2 x қызылкүрең

3

Жыпылықтайтын жарық 3 x қызылкүрең

4

Жыпылықтайтын жарық 4 x қызылкүрең

5

Жыпылықтайтын жарық 5 x қызылкүрең

6

Таңдалған стандартты ажарлау уақытын ажырату үшін реттеулер мәзіріндегі ортаңғы жарық диодын таңдап, реттеуді сипатталғандай сақтаңыз.