Аккумулятор

Bosch компаниясы шамдарды аккумуляторсыз да сатады. Шамыңыздың жеткізілім жиынтығында аккумулятордың бар-жоғын қаптамасынан біліп алуға болады.

  • Тек техникалық деректерде жазылған зарядтағыш құрылғыларды пайдаланыңыз. Тек мұндай зарядтағыш құрылғылар шамда пайдаланылатын литий-иондық аккумулятормен үйлесімді.

Ескертпе: Литий-ионды батареялар халықаралық тасымалдау ережелеріне сәйкес ішінара зарядталған күйде жеткізіледі.Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан бұрын толық зарядтаңыз.

Зарядталған аккумуляторды аккумулятор бекіткішіне тірелгенше енгізіңіз.

Аккумуляторды шығару үшін аккумуляторды босату түймесін басыңыз және аккумуляторды электр құралынан тартып шығарыңыз. Бұл ретте күш салмаңыз.

Аккумуляторда, аккумуляторды босату түймесі байқаусызда басылып кеткенде, оның түсіп кетуінен қорғайтын 2 құлыптау деңгейі бар. Аккумулятор электр құралына орнатулы болса, оны өз орнында серіппе ұстап тұрады.

Нұсқау: әр аккумулятор түрінде заряд деңгейінің индикаторы болмайды.

Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторындағы жасыл түсті жарық диодтары аккумулятордың заряд деңгейін көрсетеді. Қауіпсіздік тұрғысынан заряд деңгейін электр құралының жұмыссыз күйінде ғана шақыруға болады.

Заряд деңгейін көрсету үшін заряд деңгейінің индикаторына арналған немесе түймесін басыңыз. Мұны аккумулятор шығарылғанда да орындауға болады.

Заряд деңгейінің индикаторына арналған түймені басқаннан кейін ешқандай жарық диоды жанбаса, бұл аккумулятордың ақаулы және оны ауыстыру керек екендігін білдіреді.

Аккумулятор түрі GBA 18V... | GBA18V...

Жарық диоды

Қуаты

Үздіксіз жарық 3× жасыл

60–100%

Үздіксіз жарық 2× жасыл

30–60%

Үздіксіз жарық 1× жасыл

5–30%

Жыпылықтайтын жарық 1× жасыл

0–5%

 

Аккумулятор түрі ProCORE18V… | EXPERT18V… | EXBA18V… | CORE18V…

Жарық диоды

Қуаты

Үздіксіз жарық 5× жасыл

80–100%

Үздіксіз жарық 4× жасыл

60–80%

Үздіксіз жарық 3× жасыл

40–60%

Үздіксіз жарық 2× жасыл

20–40%

Үздіксіз жарық 1× жасыл

5–20%

Жыпылықтайтын жарық 1× жасыл

0–5%

Шам аккумулятор режимінде қосылған кезде, аккумулятор заряды деңгейінің индикаторындағы бес жарық диоды аккумулятордың заряд деңгейін көрсетеді.

Желі режимінде аккумулятордың заряд деңгейі көрсетілмейді.

‎EXPERT18V…‎‎‎‎ | ‎EXBA18V…‎‎‎‎‎

Аккумулятор заряды деңгейі индикаторының жарық диодтары аккумулятордың заряд деңгейіне қоса аккумулятордың бұзылу қаупін де көрсете алады.

Функцияны іске қосу үшін заряд деңгейінің индикаторына арналған түймені 3 секунд басып тұрыңыз. Аккумуляторды талдау процесі туралы аккумулятор заряды деңгейі индикаторының жылжымалы жарығы сигнал береді. Нәтиже аккумулятор заряды деңгейінің индикаторында көрсетіледі.

1 жарық диоды: аккумулятордың бұзылу қаупі жоғары. Қуат пен жұмыс істеу уақыты айтарлықтай азаюы мүмкін. Аккумуляторды алмастыруға кеңес беріледі.

5 жарық диоды: аккумулятор жақсы күйде және бұзылу қаупі төмен.

Назар аударыңыз: аккумулятордың бұзылу қаупін бағалау әрекеті екі кезең бойынша орындалады және аккумулятор күйін бағалаудың жеңілдетілген әдісін ұсынады. Аккумулятор не жақсы күйде болып бағаланады, не қатты бұзылу қаупіне ие болады. Батарея заряды деңгейінің пайызы көрсетілмейді.

Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан қорғаңыз.

Аккумуляторды тек –20 °C ... 50 °C температура ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте қалдырмаңыз.

Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және құрғақ қылшақпен мұқият тазалаңыз.

Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін білдіреді.

Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.