Қолданысқа енгізу

  • Сақтандырғыш қақпақты (14) жоғары қарай қайырыңыз.
  • Іске қосу үшін жасыл түсті қосу түймесін (13) басыңыз.
  • Сақтандырғыш қақпақты (14) қайтадан төмен қарай қайырыңыз.

  • Ажыратқышты (15) басыңыз.

Электр құралы артық жүктемеден қорғаныспен жабдықталған. Мақсатына сәйкес пайдалансаңыз, электр құралына артық жүктеме түспейді. Тым қатты жүктеме түскен жағдайда, электр құралы өшіп қалады.

Электр құралын қайтадан қолданысқа енгізу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз:

Рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін сақтандырғыш қақпақты (14) аспалы құлыптың көмегімен құлыптауға болады.

  • Аспалы құлыпты сақтандырғыш қақпақтың (14) және ажыратқыштың (15) саңылаулары арқылы өткізіңіз де, жауып қойыңыз.